Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

08.01.2025 ж.№ 1

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2024 жылдың 29 қарашасында Нурсултан Сакенович Майдисаровқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 24033942 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Павлодар облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Н.С. Майдисаровтың, Павлодар облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Н.С. Майдисаровтың 2024 жылғы 13 желтоқсандағы өтініші.

 

 Төраға                                                   В. Калимова

Дата публикации
09 января 2025