Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

27.12.2024ж. № 39  

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5),8) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Орал Габдулловна Иманмадированың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2011 жылғы
01 наурызда берілген № 0003274 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус О.Г.Иманмадированың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус О.Г.Иманмадированың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 02 желтоқсандағы № 1-1/48403-вн ұсынысы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 08 қазандағы жеке ұйғарымы.

 

Төраға                                                                 В.Калимова

Дата публикации
30 декабря 2024