«Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» 2024 жылғы 29 қарашадағы № 14 бұйрықтың орындалуын тоқтата тұру туралы

20.12.2024ж. № 35 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 96-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2013 жылдың 08 қазанында Гульназ Куанышовна Дабысоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 13015658 «Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 14 бұйрығының күші әкімшілік іс бойынша сот шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Г.К. Дабысованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы ұйғарымы.

 

Төраға                                                               В.Калимова

Дата публикации
24 декабря 2024