Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

от 20.12.2024ж. № 34 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылғы 5 мамырында Бауыржан Закиұлы Ахметжанға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 20006436 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы Б.З. Ахметжанның, Батыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 26.11.2024 жылғы
№ 01-1/47564-вн ұсынысы, Б.З. Ахметжанның 25.11.2024 ж. өтініші.

 

 Төраға                                                                   В. Калимова

Дата публикации
20 декабря 2024