18.12.2024 ж. № 33
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және 44-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылғы
10 желтоқсанында Арман Сарма-Улы Жаменовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0003430 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Маңғыстау облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы А.С. Жаменовтың, Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі:Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 19.11.2024 ж. № 01-1/46259-вн ұсынысы, Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының 16.09.2024 жылғы № 1-4710-24-00-1/427 үкімі, Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 06.11.2024 № 4799-24-00-1а/294 жылғы қаулысы.
Төраға В. Калимова