Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 18.12.2024 ж. № 31

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Наталья Юрьевна Гавриловаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2006 жылғы
10 наурызда берілген № 0000411 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.Ю.Гаврилованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.Ю.Гаврилованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы
№ -0401/2786-вн ұсынысы, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі жеке ұйғарымы.

 

Төраға                                                                      В.Калимова

 

Дата публикации
20 декабря 2024