Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

13.12.2024ж. № 30

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылдың 15 ақпанында Сеит Нурболатулы Абишевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 22002873 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті С.Н. Абишевтің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 14.11.2024ж. № -0401/2491-вн ұсынысы, Қарағанды қаласы сотының 15.12.2023ж. үкімі, Қарағанды қаласы сотының 30.09.2024ж. қаулысы.

Төраға                                                                      В. Калимова

Дата публикации
17 декабря 2024