Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

 11.12.2024ж. № 29

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және Заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 5-тармағына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылғы 10 қазанда Берик Джумалиевич Шадановқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген
№ 18018669 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше адвокат
Б.Д. Шадановтың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № -1/48203-вн ұсынысы, адвокат Б.Д. Шадановтың  өтініші.

 

 Төраға                                 В. Калимова 

Дата публикации
13 декабря 2024