Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

 06.12.2024ж. № 18

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылдың 10 қарашасында Гульнара Шермуратовна Оспановаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000959 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2025 жылғы 01 сәуіріне дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Алматы облысының Әділет департаментімен аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат Г.Ш. Оспанованың, Алматы облыстық адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізілсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің
интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Алматы облыстық адвокаттар алқасының 2024 жылғы 01 қарашадағы
№ 01-284-24 өтінішхаты, адвокат Г.Ш. Оспанованың өтініші.

 

 Төраға                                  В. Калимова

Дата публикации
13 декабря 2024