«Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» 2024 жылғы 13 қарашадағы № 935 бұйрықтың орындалуын тоқтата тұру туралы

29.11.2024ж. № 13 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2009 жылғы
05 мамырда Дуйсенбай Жангабаевич Оскинбаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002514 «Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің 2024 жылғы
13 қарашадағы № 935 бұйрығының күші әкімшілік іс бойынша сот шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Маңғыстау облысы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Ж.Оскинбаевтың назарына жеткізсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 26 қарашадағы  № 4794-24-00-4/962 ұйғарымы.

 

Төраға                                                                                        В.Калимова

Дата публикации
10 декабря 2024