29.11.2024ж. № 15
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2001 жылғы 28 қарашада Набат Джаумитбаевна Демегеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001081 «Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің 2024 жылғы 14 қарашадағы № 940 бұйрығының күші әкімшілік іс бойынша сот шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Маңғыстау облысың Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Н.Д. Демегенованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 26 қарашадағы.
Төраға В.Калимова