29.11.2024ж.№ 12
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылы 6 қаңтарда Алия Сансызбаевна Серикбаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №16000037, мемлекеттік лицензиясының қолданысы шешім қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат А.С.Серикбаеваның, адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасарына Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласының Әділет департаментінің 2024 жылғы 5 қарашадағы
№ 01-1/44255-вн ұсынысы.
Төраға В. Калимова