27.11.2024ж .№ 11
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылғы 29 сәуірде Анаркуль Амидуллаевна Шадиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001206 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Шадиеваның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 қазандағы ұйғарымы және А.А. Шадиеваның 2024 жылғы 7 қарашадағы № ЖТ-2024-05890610 өтініші.
Төраға В. Калимова