Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

19.11.2024ж. № 2 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың 24 ақпанда Джексембай Рахимгалиевич Шахметовке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 14002319 мемлекеттік лицензиясының қолданысы
2025 жылғы 3 қазанға дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Атырау облысының Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат Д.Р. Шахметовтің, Атырау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының 2024 жылғы 14 қазандағы №282-10 өтінішхаты, адвокат Д.Р. Шахметовтің өтініші.

 

 Төраға                                                                                                   В. Калимова

Дата публикации
21 ноября 2024