20.11.2024ж. № 5
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылдың 20 қазанда Татьяна Ивановна Василегаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген №0005897 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2.Маңғыстау облысының Әділет департаменті Т.И. Василеганың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Маңғыстау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: 2024 ж. 21 қазанда Маңғыстау облысы Әділет департаментінің
№02-1/42052-вн хаты.
Төраға В.К. Калимова