Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

20.11.2024ж. №6

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 10-бабының
2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Аман Багдатович Таскаринге нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылғы
15 сәуірде берілген № 21015144 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Таскаринның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б. Таскаринның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 22 қазандағы
№ -1/42319-вн ұсынысы, Ақтөбе қалалық сотының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі жеке ұйғарымы.

 

Төраға                                                                                         В.Калимова

Дата публикации
21 ноября 2024