15.11.2024ж. № 948
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айман Кабдугалиевна Кабдугалиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы
27 наурыздағы берілген № 14004018 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Павлодар облысы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.К. Кабдугалиеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.К. Кабдугалиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Павлодар облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 24 қазандағы
№ -1/42694-вн ұсынысы.
Төраға В. Калимова