Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

14.11.2024ж. № 937 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанат Балтабекович Сартбаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы 3 қарашада берілген № 0000259 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Б. Сартбаевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.Б. Сартбаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 15 қазандағы
№ 01-1/41455-вн ұсынысы, Алматы қаласы прокуратурасының2024 жылғы 10 қазандағы № 2-17-24-41166 хаты.

 

 Төраға                                                                                      В. Калимова

Дата публикации
15 ноября 2024