Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

13.11.2024ж. № 935 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                          2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Дуйсенбай Жангабаевич Оскинбаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2009 жылғы
05 мамырда берілген № 0002514 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Маңғыстау облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Ж.Оскинбаевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Ж.Оскинбаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ш.А.Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 14 қазандағы
№ 01-1/41374-вн ұсынысы

Төраға                                                                                        В.Калимова

Дата публикации
14 ноября 2024