Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

12.11.2024 ж. № 933

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылғы
24 қаңтарда Мейрбек Калманбекулы Темирбековке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 20001377 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрсын.

2. Түркістан облысы Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтата тұру туралы адвокат М.К. Темирбековтің, Түркістан облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары
Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 07 қарашадағы
№ -1/44594-вн ұсынысы, Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 2024 жылғы 05 тамыздағы ұйғарымы, Алматы облыстық
азаматтық істер жөніндегі сотының 2024 жылғы 10 қазандағы ұйғарымы.

 

  Төраға                                                                                                     В. Калимова

 

Дата публикации
14 ноября 2024