Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша
АӘО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалдарының қызметіне 12 (5) жоспарлы тексеру жүргізді (Алматы, Астана, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Абай облысы бойынша 1 тексеруден), олардың қорытындысы бойынша Госкорпорация филиалдарының мекенжайына бұзушылықтарды жою туралы 12 ұсыным енгізілді.
10 ұсыным бойынша бұзушылықтар расталды, Мемлекеттік корпорация филиалдарының 8 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1 факт бойынша қызметкердің жұмыстан босатылуына байланысты шаралар қабылданбады, 1-еуі қаралу үстінде.
Бұдан бөлек, түскен шағымдар бойынша әділет органдары Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметіне 25 (13) жоспардан тыс тексеру жүргізді (Астана қ. – 9, Алматы қ. – 5, Ақмола облысы мен Абай облысы бойынша 3-тен, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары бойынша 1-ден), олардың қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалдарының мекенжайына бұзушылықтарды жою туралы 25 ұсыным енгізілді.
16 өтініш бойынша уәждер расталды, Мемлекеттік корпорация филиалдарының 11 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 қызметкермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 3-еуі қаралу үстінде.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп мына бірлескен пилоттық жобалар іске асырылды:
Бұдан бөлек, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау аясында (жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу процесін оңтайландыру, сондай-ақ тіркеу мерзімдерін қысқарту) «Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Әділет министрінің 30.06.2025 жылғы № 355 бұйрығы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 15.07.2025 жылғы Заңымен кондоминиум объектісіндегі пәтерлердің пайдалы алаңы (бұрын жалпы алаңы) бөлігінде, сондай-ақ МИБ төрағасының өтініші бойынша кондоминиум объектісін тіркеу мүмкіндігіне қатысты өзгерістер енгізілді.
Заңды жүзеге асыруда «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің міндетін атқарушының 24.08.2007 жылғы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Әділет министрінің 05.09.2025 жылғы № 490 бұйрығы қабылданды.
Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 1 024 333 (956 390) құрайды, оның ішінде электрондық түрде – 948 320 (861 403), қағаз түрінде – 76 013 (94 987).
Қызметтердің жалпы санынан әділет органдары 16 094 (қағаз түрінде – 14 016, электрондық түрде – 2 078), Мемлекеттік корпорация – 128 461 (қағаз түрінде – 61 997, электрондық түрде – 66 464) қызмет көрсетілді.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы 879 778 (785 225) ақпараттық қызмет көрсетілді.
АӘО Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметіне 9 (5) жоспарлы тексеру жүргізді (Маңғыстау облысы – 2, Алматы қ., Алматы, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары және Жетісу облысы бойынша 1-ден), олардың қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалдарының мекенжайына бұзушылықтарды жою туралы 9 ұсыным енгізілді.
6 ұсыным бойынша бұзушылықтар расталды, 3 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 факт бойынша қызметкерлердің жұмыстан босатылуына байланысты шаралар қабылданбады, 1-еуі қаралу үстінде.
Сонымен бірге, әділет органдары Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметіне 12 (9) жоспардан тыс тексеру жүргізді (Астана қ. – 4, Алматы қ., Ақмола облысы бойынша 2-ден, Шымкент қ., Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша 1-ден), олардың қорытындысы бойынша Госкорпорация филиалының мекенжайына 12 ұсыным енгізілді.
8 өтініш бойынша уәждер расталды, 7 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1 факт бойынша қызметкердің жұмыстан босатылуына байланысты шара қолданылмады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.07.2024 жылғы № 552 қаулысымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды.
Жоғарыда аталған қаулының негізінде «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің міндетін атқарушының 29.05.2020 жылғы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Әділет министрінің 16.01.2025 жылғы № 34 бұйрығы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 15.07.2025 жылғы Заңымен мүлік иелерінің кооперативтерін тіркеу бөлігінде, сондай-ақ мүлік иелерінің бірлестіктерін, пәтер иелерінің кооперативтерін тіркеу, қайта тіркеу бойынша құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.
Заңды жүзеге асыруда «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің 12.09.2025 жылғы № 505 бұйрығы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік қолдау жүйесін және мемлекеттік статистиканы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 27.09.2025 жылғы Заңымен экономикалық қызмет түрлерін өзгерту және (немесе) толықтыру бөлігінде (экономикалық қызмет түрлері өзгерген және (немесе) толықтырылған кезде заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректерін өзгерту) өзгерістер енгізілді.
Заңды жүзеге асыруда «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің міндетін атқарушының 29.05.2020 жылғы № 66 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Әділет министрінің 24.11.2025 жылғы № 688 бұйрығы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, азаматтық қорғау органдарының және әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын жетілдіру, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласындағы артық заңнамалық регламенттеуді алып тастау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 30.06.2025 жылғы Заңымен «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңның 6-бабының 2-2-тармақшасы алынып тасталды.
Аталған заңның негізінде «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 24.07.2023 жылғы № 597 және Әділет министрінің 25.07.2023 жылғы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Ішкі істер министрінің 10.09.2025 жылғы № 673 және Әділет министрінің 16.09.2025 жылғы № 509 бірлескен бұйрығы қабылданды.
Сонымен қатар, О.А. Бектеновтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің 07.10.2025 жылғы № 36 отырысы хаттамасының 11-тармағын орындау мақсатында, номиналды заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу тәуекелдерін азайту үшін Әділет министрінің 21.11.2025 жылғы № 687 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің міндетін атқарушының 29.05.2020 жылғы № 66 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы қабылданды.
Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бойынша
АӘО 111 452 (99 209) құжат апостильденді, оның ішінде электрондық форматта – 16 762 (11 801), қағаз форматында – 94 690 (87 408).
Анықтама: Алматы облысының Әділет департаментінде ПЭП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың 2 фактісі анықталды. Алайда, кінәлі тұлғалардың жұмыстан босатылуына байланысты оларды жауапкершілікке тарту мүмкін болмады (2024 ж. – Алматы қ., Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстарында және Жетісу облысында 6 факт).
Тіркеуші органдармен 619 152 (670 789) актілік жазба тіркелді, оның ішінде:
- туу туралы – 349 372 (392 976);
- қайтыс болу туралы – 135 817 (135 315);
- неке қию туралы – 115 989 (124 774);
- некені бұзу туралы – 17 974 (17 724).
2025 жылы Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органынан аккредиттеуге материалдар келіп түскен жоқ.
АӘО Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметіне 17 (6) жоспарлы тексеру жүргізді (Алматы қ. – 3, Астана, Шымкент қ., Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары бойынша 2-ден, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары және Абай облысы бойынша 1-ден), олардың қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы 8 ұсыным шығарылды. Нәтижесінде Мемлекеттік корпорация филиалдарының 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды (Астана қ. – 14, Алматы қ. және Жамбыл облысы бойынша 2-ден).
Сонымен бірге, АӘО Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметіне 4 (2) жоспардан тыс тексеру жүргізді, олардың қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалдарының мекенжайына бұзушылықтарды жою туралы 4 ұсыным енгізілді. Нәтижесінде Госкорпорация филиалдарының 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды (Алматы, Астана қалалары бойынша 2-ден).
17.07.2025 жылғы Заңмен («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне елорданы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, ұлттық жобалар, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 187-бабына анасында құжаттар болмаған және бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда баланың тууын тіркеу мүмкіндігін қарастыратын өзгерістер енгізілді.
16.07.2025 жылғы Заңмен («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқарушылық кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 238-бабына ерлі-зайыптылардың бірі қылмыстық қудалау органының халықаралық іздеу жариялау туралы қаулысын сот санкциялаған күннен бастап үш жылдан астам халықаралық іздеуде болу түріндегі некені бұзудың жаңа негізін толықтыратын өзгерістер енгізілді.
Жоғарыда аталған заңдарды жүзеге асыруда:
2025 жылы азаматтық хал актілерін тіркеудің қағаз мұрағатын оңтайландыруға қатысты ұсыныстар пысықталды.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 181-бабына сәйкес АХАТ органы актілік жазбаны тіркегеннен кейін қағаз актілік жазбаның екі данасын қалыптастырады, оның біреуі тіркеу орнында, ал екінші данасы облыстық архивте сақталады.
Аталған екі қағаз жазбадан бөлек, АХАТ АЖ-да актілік жазбалардың қағаз нұсқаларымен бірдей электрондық нұсқасы бар.
Осыған байланысты, АХАТ-тың қос қағаз архивын дубликаттау және оны бөлек сақтау цифрландыру жағдайында өзектілігін жоғалтты, өйткені электрондық архивтың болуы актілік жазбалардың сақталуын, дұрыстығын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Кодекстің 181 және 184-баптарына азаматтық хал актілері архивтерінің екінші даналарының міндетті түрде болуын және сақталуын алып тастау бойынша түзетулерге бастамашылық жасады.
Түзетулер Мемлекет басшысы 2026 жылғы 9 қаңтарда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы шеңберінде қарастырылған (Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін тіркеуші органның (АХАТ органы) архивінде актілік жазбалардың тек бір қағаз архиві және жүйеде оның электрондық нұсқасы сақталады.
Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау бойынша
Нотариустардың жалпы саны – 4 946, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 132 нотариусқа көп (4 814).
407 (414) лицензия берілді, түрлі негіздер бойынша 28 (40) тоқтатылды, 111 (160) лицензия тоқтатыла тұрды, 16 (27) нотариус айырылды.
Тәртіптік жауапкершілікке 137 (121) нотариус, әкімшілік жауапкершілікке 368 (253) нотариус тартылды.
Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы мен нотариаттық іс қағаздарын жүргізу қағидаларының сақталуына 533 (412) тексеру жүргізілді (оның ішінде: жоспардан тыс – 460 (340), жоспарлы – 73 (72).
Тексеру қорытындысы бойынша 141 (129) нотариус жауапкершілікке тартылды.
Адвокаттардың жалпы саны – 6 537, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 243 адвокатқа көп (6 294).
Тәртіптік жауапкершілікке 100 (79) адвокат тартылды.
646 (510) лицензия берілді, түрлі негіздер бойынша 21 (46) тоқтатылды, 72 (49) тоқтатыла тұрды, 7 (6) адвокат айырылды.
Заң консультанттарының жалпы саны – 16 696, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1 163 консультантқа көп (15 533).
Тәртіптік жауапкершілікке 119 (99) заң консультанты тартылды.
АӘО 2 036 (2 189) адвокатпен және 350 (609) заң консультантымен тегін заң көмегін көрсету туралы келісімшарт жасасты.
2025 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша республикалық бюджеттен тегін заң көмегін көрсетуге 3 655 905 000 (2 862 953 мың) теңге бөлінді, оның 3 655 901 800 (2 862 953 мың) теңгесі игерілді.
Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны 239 111 (261 498) құрайды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында нотариустардың іс-әрекет жасау жөніндегі түзетулерін апробациялау мақсатында Министрлік 2025 жылғы 31 наурызда «Цифрлық атқарушылық жазба» пилоттық жобасын іске қосты.
Аталған жоба азаматтардың құқықтарын қорғауға және нотариустардың «Нотариат туралы» Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БНЖА-да жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау бойынша берешекті өндіріп алу туралы электрондық форматта атқарушылық жазбаларды жасау кезінде белгіленген талаптарды сақтауына бағытталған.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 30.12.2024 жылғы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 27.01.2025 жылғы № 17-р өкімінің 13-тармағын орындау шеңберінде «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің 31.01.2012 жылғы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Әділет министрінің 03.03.2025 жылғы № 125 бұйрығы қабылданды.
Ұғымдарды нақтылау, сондай-ақ «Нотариат туралы» Заңның 10-бабына сәйкес келтіру мақсатында «Бірыңғай ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің 30.04.2021 жылғы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Әділет министрінің 22.05.2025 жылғы № 134 бұйрығы қабылданды (Әділет министрінің 30.04.2021 жылғы бұйрығымен бекітілген Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларының 2 және 4-тармақтары).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 15.07.2025 жылғы Заңы шеңберінде «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің 31.01.2012 жылғы № 31 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Әділет министрінің 26.09.2025 жылғы № 527 бұйрығы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 18.07.2025 жылғы Заңы шеңберінде Әділет министрінің мына бұйрықтары қабылданды:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 16.07.2025 жылғы Заңы шеңберінде «Заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге заң консультанттарының қатысу қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің 31.08.2022 жылғы № 733 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Әділет министрінің 29.08.2025 жылғы бұйрығы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 19.09.2025 жылғы Заңы шеңберінде Әділет министрінің мына бұйрықтары қабылданды:
2025 жылғы 3 қарашада «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Әділет министрінің 30.04.2021 жылғы № 357 бұйрығына (бастамашылық) өзгерістер енгізілді.