
Майра Серигжановна Балиева 1972 жылы Абай облысында дүниеге келген. Қазақстан құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (ҚҚХҚИ) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Семей қаласындағы облыстық офтальмологиялық ауруханадан бастаған;
1993 - 1999 жылдары Семей қаласының Жаңасемей ауданында Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің ревизоры лауазымын атқарған;
1999 - 2007 жылдары Павлодар облысы «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-да маман, бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеген;
2007 - 2018 жылдары Павлодар облысының Әділет департаментінде Жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу бөлімінің басшысы, Павлодар ауданының Әділет басқармасының басшысы болып қызмет атқарған;
2018 - 2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті» РММ Жылжымайтын мүлікті тіркеу, кадрлар қызметі және әкімшілік бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған;
2021 - 2024 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық қызметтерді ұйымдастыру департаментінде РММ Құқықтық түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы, Мониторинг және ішкі талдау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2024 жылдың 1 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті РММ Мониторинг және ішкі талдау басқармасының басшысы болып жұмыс атқарады.