
Шолпан Ахмеджановна Бекенова, 1977 жылы, Солтүстік Қазақстан облысында туылған, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Акмола облысындағы «Караоткел-АЭ» ЖШС-да бастаған;
2003-2013жж. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және оның мәмілелері басқармасының бас маман, сарапшы және басқарма басшысы;
2013-2014жж. «КазМұнайГаз» АҚ Персоналды басқару секторы департаментінің менеджері, бас менеджері;
2015-2016жж. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы ШЖҚ РМК Техникалық зерттеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бақылау және бағалау басқармасының бас маманы;
2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының Мониторинг және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау басқармасының бас маманы;
2016-2018жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Мониторинг және ішкі талдау басқармасының басшысы;
2018-2024жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары;
2024 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитет төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.