Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тілді дамыту-мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі алғышарты

 

        Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың барі адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне  білуіне басты  себепкер – ана тілі.

Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми, бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі  азаматтардың қарым – қатынас тілі  болумен шектеліп қалмайды,  оның мұрағаттық, ақпараттық  қасиеттері де мол.  Қазақ тілі- бай да құналы  тілдердің қатарына жатады.

    1989жылы  11қыркүйекте  қабылданған «Тіл туралы» Заңда «Тіл – халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын  және бөлінбейтін белгісі» делінген.  Ал бірінші баптың бірінші тармағында «Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады» деп жазылган. Елбасы Н.Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген   тұжырымдаманы  үнемі айтып келеді. Халық тәуелсіздігінің  ең басты белгісі – оның  ана тілі, ұлттық  мәдениеті. Өзінің  ана тілі, ұлттық  мәдениеті жоқ ел өз алдында  мемлекет болып  өмір сүре алмайды. Дүниедегі  барлық халық  тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін,  мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін  ұмтылады. Сондықтан, кез - келген мемлекет өзінің аумақтық  салт дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның  жылжып,  өзгеруіне байланысты  тіл де дамып, өзгеріп отырады.

         Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенін ең қуаттысы -тіл» деген Ахмет  Байтұрсыновтың  қасиетті қағидасына сүйенсек. Ата  заң аясында бақ – берекетіміздің  сақталып отырғаны тіл саясатын дұрыс жүргізудің жемісі  енені анық.  Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мейірін асыратын да,  құтын қашыратын да өзіміз.

 

         Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі- әлемдегі   тілдердің ішіндегі  қолдану өрісі  жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондық  қатарындағы тіл. Сондай –ақ, ол дүние жүзіндегі  аузша және  жазбаша тіл мәдениеті  қалыптасқан  алты жүз тілдің  және мемлекеттәк  мәртебеге  ие екі  жүз тілдің қатарында тұр. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халық өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған  ел болуы үшін  тіліміздің  жұлдызын биіктету керек.  Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Ендеше, тіліміздің мәртебесін көтеруге бірге ат салысайық! Тілімізді, отбасымызды ұлтымызды  қадірлегендей  қадірлейік!

Дата публикации
22 сентября 2022
Дата обновления
22 сентября 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы