Еліміздің ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғаны белгілі. Мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іс жүзінде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот актілерін орындау бойынша тиімді іске асатын жүйе құруға бағытталған атқарушылық іс жүргізу органдарын қайта құру жүргізілуде. Атқарушылық іс жүргізу дербес іс жүргізу болып табылады және оны реттейтін нормалар дербес кешенді құқықтық саласын құрайды.
Бүгінде сот орындаушылар жүйесін автоматтандыру жүргізілуде. Ол үшін ақпараттық жүйені қазіргіден де жетілдіру қажет, және оны басқа құзырлы органдар мен мекемелердің деректер базаларына қосып, электронды ақпараттарды алмастыруды күшейту керек. Сот орындаушыларының ақпараттық жүйесі әділет органдарының жылжитын, жылжымайтын мүлік регистрі және тағы басқа мемлекеттік регистрлер мемлекеттік дерек қорына қосылды. Қазіргі таңда жылжитын, жылжымайтын мүлүктерге тыйым салу, қағаз жүзінде емес, электронды форматта жүргізіледі, сонымен қатар екінші деңгейлі банктерге де электронды түрде тыйым салынады.
Өндіріс тараптары электронды қолтаңба нұсқалары арқылы өздеріне қатысты қозғалған іс жүргізулер бойынша ақапараттарды www.adilet.gov.kz сайтында тіркеліп, «өндіріс тараптарының кабинеті» көруге мүмкіндік бар.
Қарағанды қаласының орталық
сот актілерін орындау бойынша
аумақтық бөлімі филиилалының басшысы –
аға сот орындаушысы Г.Г.Саттыбаева