Осы жылдың 11 қаңтарында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісіндегі басқосуда халыққа үндеу жариялап, болашаққа жаңа бағдарлы реформаларды ұсынды.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022ж – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022ж – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген болатын. Аталған тұжырымдада Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағы незінде жасалған. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған.
Тұжырымдамада нақты реформалар мен жобаларды қамтитын 6 міндеттер блогы бар.
Бірінші блоктағы тақырып - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілету бойынша шаралар.
Бұл – «жылдам жеңіс» емес, басым міндеттердің бірі, және негізі. Яғни, құндылықтарды отбасы институты арқылы алға жылжыту маңызды екені айтылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып мектепке дейінгі және барлық деңгейдегі білім беру жүйесіне енгізілуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды мемлекеттік қызметшілер үшін үздіксіз енгізілуі тиіс
Шынын айтқанда, адам сыбайлас жемқорлық қылмысын пайда табу мақсатында немесе өз мәселесін арзан әрі жылдам шешу үшін жасайды. Сондықтан, біз сыбайлас жемқорлық материалдық жағынан тиімсіз болатындай етіп жағдай туғызуымыз керек. Бұл әсіресе мемлекеттік қызметшілерге, азаматтарға да, бизнеске де қатысты.
Екінші блогтағы тақырып – сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға бағытталған шаралар.
Мұнда бюджеттік процестердің транспаренттілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленді. Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру барысына азаматтық мониторинг, бюджеттік қаражат бенефициарларының жария тізілімін енгізу көзделген.
Мемлекеттік қаржыландыруды нысаналы және өлшенетін индикаторлар болған кезде ғана жүзеге асыру ұсынылмақ. Тұтастай алғанда, бюджеттеуде жобалық қаржыландыруға көше отырып, қаржы жылы шегінде қаражатты игеруден бас тарту ұсынылады.
Бұл күнтізбелік жылдың соңында жалған жұмыс актілеріне асығыс қол қоюды болдырмауға мүмкіндік береді. Демек, мемлекеттік құжаттар мен жобаларды іске асыру кезінде жобалық менеджментті енгізу мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралына айналады.
Шаралардың үшінші блогы жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Ол үшін мемлекеттік органдардың басшыларына осындай тексерулерге өз бетінше бастамашылық жасау құқығы берілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту жоспарланып отыр. Бұл оның мүддесі үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде компанияның әкімшілік жауапкершілігі болады.
Төртінші блок азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөніндегі шараларға арналған.
Қоғамдық бақылауды іске асыру тетіктері парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға барлық тілек білдірушілердің қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, қоғамдық кеңестердің қызметімен шектелмейді. Сондықтан, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы маңызды саналады.
Мемлекеттік органдардың шешімдері туралы ақпараттың жариялылығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалогқа жәрдемдеседі. Бұл ретте мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың деректердің түсініктілігін қамтамасыз ете отырып, шашыраңқылығын жою жөнінде шаралар қабылданбақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда БАҚ пен журналистердің әлеуетін кеңейту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту және осындай фактілер туралы хабарлайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар жүзеге асады.
Бесінші блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингіне бағытталған.
Оны объективті бағалау және енгізілетін жобалық тәсілді ескере отырып, барабар шаралар қабылдау үшін арнайы мониторинг жүйесін құру ұсынылады.
Бұл үшін жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі мүмкін платформа бола алады, онда бүгінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырудың тиімділігіне күнделікті мониторинг пен бақылау қамтамасыз етіледі.
Жүйенің жариялылығы жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы басқару шешімдерін әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін бағалауға толыққанды қатысуына мүмкіндік береді.
Осы жүйеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлігінде министрлер мен әкімдердің рейтингтік бағасы көрсетілетін болады.
Алтыншы блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруді көздейді.
Үлкен деректерді талдау негізінде интеграцияланған талдау құралдарын қолдану қарастырылған. Квазимемлекеттік сектордың комплаенс-қызметтерінің қызметін үйлестіру бөлігінде Агенттіктің құзыретін кеңейту көзделген.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде кешенділік пен толықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы олардың рөлін күшейте отырып, «қайта жүктеуді» жасау ұсынылады.
Жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып, жасалған қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылданады. Осы аспектіде қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыруымыз қажет. Жемқорлыққа қарсылық – елдің ертеңіне деген қамқорлық. Ел-жұрт ең әуелі осыны ұғынуы қажет секілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шаралардың бірі – жемқорлықтың алдын алу, оны мейлінше азайту. Бұл – мемлекеттік саясаттың да басымды бағыттарының бірі.
Қарағанды облысы әділет департаментінің
Әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы
Абишева Жулдыз Кожахметовна