Алименты - «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, бір адамның басқа оны алуға құқығы бар адамға ұсынуы міндетті ақшалай немесе материалдық асырау. Алименттердің неғұрлым таралған жағдайы – баланы асырауға төленетін төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына және ата-анасына төленуі мүмкін.
Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алименттер әр сайын мынадай мөлшерде төленуі тиіс:
табысының (¼) төрттен бірі;
табысының үштен бірі (1/3);
және/немесе өзге табысының жартысы (1/2).
Кейбір жағдайларда осы үлестер мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін;
Алимент төлеушінің жалақысынан ұстап қалудың жалғыз шектеуіші «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 95-бабы болып табылады, оған сәйкес борышкерде жалақысының немес өзге де табысының 50% кем емесі сақталуы тиіс.
Сот орындаушыларымен, алимент төлемей қашып жүрген борышкерлерге, Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу, мүлкін тәркілеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669 және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-баптарына сәйкес әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту сынды шаралар қолданылады.