Мемлекекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара-қарым қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу – Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бектітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіменбелгіленген болатын. Яғни, қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп санайды. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Сонымен, Әдеп нормаларын сақтау-мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті. Мемлекеттік қызметші өзінің әдепсіз мінез-құлқы мемлекеттік аппаратқа деген сенімді бұзатынын түсіне отырып, оған жүгінген азаматтардың әрбір мәселесіне ұқыпты қарап, сапалы шешім қабылдау, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет. Еліміздің ертеңі, бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет-халыққа қызмет»-деп Елбасы белгілеген ұран аясында елге деген адалдықты ұсауымыз қажет. Сондықтан, Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтықсыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
Әкімшілік-құқықтық бөлімі