Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында негізгі жеті басымдыққа тоқталды. Соның екіншісі – денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.
Президент осы басымдықта адам өмірі бəрінен қымбат екеніне тоқталып, мемлекет тарапынан өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты нақты тапсырмаларды іске асыру қажеттігін айтты.
«Дені сау ұлт» жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажет.
Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады. Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек. Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр. Бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаларға салынбай қалуда. Әрине, бұған жол беруге болмайды.
Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағы заң аясында өзара үйлесімділікпен дамуда.
Жолдауда денсаулық сақтауға жыл сайын қомақты қаржы бөлінетіні, тегін және жеңілдік бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру жастарының ұзақтығы, балалар реабилитациялық орталықтары мен ана және бала орталықтары, нейрохирургия, жедел медициналық көмек, кардиология орталықтарын қамтыған кластерлік жүйе енгізілгені туралы айтылған.
Сонымен қатар, олардың қатарына арнайы салынып жатқан мамандандырылған медициналық мекемелерді, жасанды ұрықтандыру бағдарламасына жыл сайынға бөлінетін квоталарды, қоғамға қауіпті арурулармен күресуді жатқызуға болады. «Денсаулық» бағдарламасында көрсетілген осындай шаралар легі Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрине, «Денсаулық» бағдарламасында аталған мақсатты индикаторларға қол жеткізу – мемлекеттің я болмаса емдеу мекемелерінің, дәрігерлердің ғана құзыретіндегі шаруа емес.
Ендеше, әркім денсаулықтың қадірін ерте бастан ұғынып, «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегені» жөн.
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Әкімшілік-құқықтық бөлімі