Мүлікті тәркілеу- қылмыс жасағаны, әкімшілік немесе азаматтық құқықты бұзғаны үшін қолданылатын қосымша жаза ретінде кінәлі адамның меншігіндегі мүлікті өтеусіз, қайтарымсыз алу.
Мүлікті тәркілеу және оны мемлекет меншігіне айналдыру туралы сот құжаттарын сот үкімі заңды күшіне енген соң атқару парақ мүлік тізімімен және сот үкімімен жергілікті мемлекеттік сот орындаушыларга жіберіледі.
Мемлекеттік сот орындаушысы атқару парақты алған соң дереу үкімде көрсетілген мүліктердің барлығын тексереді, тәркілеуге жататын басқа да мүлікті анықтайды, сотталушының мүлкі соның ішінде ортақ немесе бірлескен меншіктегі үлесі, ақшасы мен бағалы қағаздары, сотталушының банктегі салымдары мен кез-келген меншік нысандағы активтері, өзге де салымдары аныкталып тәркіленуге жатады.
Егер мүліктің тізімі жүргізілмеген жағдайда, мемлекетік сот орындаушысы сотталушының тәркіленуге жататын мүлкін анықтайды және де сот орындаушысы тәркіленуге жататын мүлікті сақтауға қажетті шараларды қолданады.
Сотталушының ортақ және бірлескен меншіктегі үлесі мемлекеттік сот орындаушысының ұсынысы бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен анықталады.
Тәркіленген мүлікті мемлекеттік сот орындаушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген уәкілетті мемлекеттік органмен өз-ара іс қыймыл аркылы жүзеге асырып мемлекет меншігіне айналдырады.
Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді де, заңда көзделген жағдайларда ғана тағайындалады. Тәркілеуге сотталған адамның жеке өзіне тиісті мүлкі немесе сот үкім шығарған сәтте оның ортақ бірлескен меншіктегі үлесі болып табылатын мүлік қана жатады. Қылмыстық атқару заңына сәйкес сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбейді.
«Жаңаарқа ауданаралық
сот актілерін орындау жөніндегі
аумақтық бөлімі» филиалының басшысы-
аға сот орындаушы Ғ.Омаров