Меню

Страницы

Статья

«Борышкерлерді біріңғай тізілімнен шығару тәртіптері»

 

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңының 36 бабына сәйкесуәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.

Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану және тоқтату туралы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда,

Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.

Борышкерлердің тізілімінде көрсетілген мәліметтер:

1) борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не борышкер ұйымның атауын;

2) атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұнын;

3) көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңының 36 бабының 3 тармағына сәйкес осы Заңнын 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Сот орындаушысы Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңының 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.

 

Қарағанды қаласы

Орталық сот актілерін орындау

бойынша аймақтық бөлімі

филиалының басшысы- аға сот орындаушы                                 Г.Г.Саттыбаева

 

 

Дата публикации
25 февраля 2022
Дата обновления
25 февраля 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы