Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік мәселелерге көбірек көңіл бөлінді. Осы Жолдаудың әлеуметтік салаға қатысы бар жаңалығы – келер жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге көбеймекші. Аталған бастама 1 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды. Кей саланың жалақысын өсіру де жоспарда бар. 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды. Бұлар – музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20% өсіретін болады. Тұтастай алғанда тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді деді Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті бес бастамасын ұсынды сонымен бірге алға қойылған міндеттер соңына дейін іске асуы тиіс.
Зияткерлік меншік құқықтары
бойынша бөлім басшысы
А.Е. Аубакирова