Меню

Страницы

Статья

Мүлікке қойылған тыйымдарды шешу реті

Мүлікке қойылған тыйымдарды шешу реті

 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының (әрі қарай - Заң), 32 бабына сәйкес, сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.

Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын қоспағанда) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу; борышкердiң банктердегi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкiне тыйым салу болуы мүмкін.

Мүлікке қойылған тыйымдарды шешу Заңның 47 бабына сәйкес, бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға тиіс атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуы жағдайында, Заңның 48-бабының 6 тармағына сәйкес, атқару құжатының қайтарылуы жағдайында және Заңның 99-бабының 1-1 тармағы бойынша алимент берешегі өтелген кезде орын алады.

Заңның 47 бабына сәйкес, Осы баптың 1-тармағының 1) (өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса), 2) (өндiрiп алушы мен борышкер бiтiмгершілік келiсiмiн жасасса және оны сот бекiтсе), 2-1) (атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса) және 7) (атқарушылық құжаттың өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемде орындалса) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылуға тиіс.

Заңның 48-бабының 6-тармағына сәйкес, мәжбүрлеп орындату шараларының:

1) егер өндіріп алушы орындау бойынша іс жүзінде келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жүргізілсе, осы баптың 1- тармағының 1) тармақшасында (өндiрiп алушының арызы бойынша) көзделген;

2) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға берудің осы Заңның 11-бабында көзделген мерзімі өткен жағдайларда күші жойылуға жатады.

Заңның 99-бабының 1-1 тармағына сәйкес, берешек өтелген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары тоқтатылуға жатады.

 

Қарағанды облысы Әділет департаментінің

атқару құжатын ұйымдастыру бөлімі

области

Дата публикации
24 сентября 2021
Дата обновления
24 сентября 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы