Меню

Страницы

Статья

ҚР патенттік жүйесін дамыту

 

 

 

Ұлттық патенттік жүйені ұйымдастыру мақсатында 1992 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Патенттік ведомствосы (ҚазПАТЕНТ немесе бүгінгі күні - "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК (ҰЗМИ) құрылды. Ұлттық патенттік жүйенің негізі 1992 жылғы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Патенттік заңы (Қазақстан Республикасы осындай заңды қабылдаған ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болды) және 1993 жылғы қаңтарда қабылданған "тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы болды. Осы заңдарды дамыту үшін өнеркәсіптік меншік объектілеріне патенттер мен куәліктер беруге және оларды одан әрі пайдалануға өтінімдерді жасау, беру және қарау рәсімдерін регламенттейтін бірқатар нормативтік құжаттар дайындалды және бекітілді. Қазақстанның ұлттық патенттік жүйесінің жұмыс істеуінің 30 жылдық кезеңінде авторлық, сабақтас және патенттік құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейтін зияткерлік меншіктің барлық объектілері бойынша барлық қажетті заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер қабылданғанын, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде құқықтарды қорғауды қамтамасыз ететін нормалар енгізілгенін атап өткен жөн. Қазақстанда патенттік сенім білдірілген өкілдер институты құрылды, олар өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын беруге өтінім берген кезде патенттік ведомство алдында шетелдік өтінім берушілердің мүдделерін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік патенттік бағдарламасының негізгі мақсаты – жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес Ұлттық патенттік жүйенің тиімділігін арттыру. Ұлттық ведомствоның алдында тұрған басты міндеттердің бірі Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу рәсімін жаңғырту болып табылады. Оны өткен кезеңде жүзеге асыру оң нәтиже берді. Алдын ала патентті жою және пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді патенттеудің бір сатылы жүйесіне көшуді жүзеге асыру нәтижесінде өнертабысқа қорғау құжатының жаңа түрі – инновациялық патент енгізілді, ол патент иеленушіге өз өнертабысына айрықша құқық береді және оны рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.

 

Зияткерлік меншік

құқықтарыбойынша

бөлім басшысы Аубакирова А. Е.

Дата публикации
30 ноября 2021
Дата обновления
30 ноября 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы