«Қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісін пилоттық режимде жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы туралы» Қазақстан Республикасының 8 Министрлігінің бірлескен бүйрығына сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілер бекітілгенге дейін, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісі пилоттық режимде 2020 жылдың қазанның 12-нен бастап іске қосылды.
Пилоттық жобаның жүргізілу кезеңінде қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәліктерді, әскери куәлікті міндетті түрде ұсыну бөлігіндегі талап, және өлім туралы, перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктерді қағаз түрінде беру алып тасталды.
Ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы өлім туралы, перинаталдық өлім туралы куәлік түскеннен кейін, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу 1 жұмыс күні үшінде жүзеге асырылады.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық хабарламалардың берілуі және олардың «электрондық үкімет» порталында тексерілу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
Р.Оразалиева,
Қарағанды облысы ӘД тіркеу қызметі
саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету
және бақылау бөлісінің бас маманы