Меню

Страницы

Статья

Тіркелген нормативтык құқықтық актілердің құқықтық мониторингі

 

 

Құқықтық мониторинг – «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 50 және 51-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиімділігін бағалау және болжау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесі.

Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлықтық құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында жүргізіледі.

Мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016  жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген құқықтық мониторинг жүргiзу қағидасы талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың ұсынылған ақпараттарына Қарағанды облысы Әділет департаментімен талдау жүргізіледі.

2021 жылдың 14 шілдедегі жағдай бойынша Қарағанды облысы  аумағында 722  (2020 жылдың 1 жартыжылдығындағы мәлімет бойынша 781 НҚА) нормативтік құқықтық акт қолданыста екені белгілі болған.

Әділет Департаменті мемлекеттік органдармен бірлесіп  анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың мониторингтің нәтижелерін  және құқықтық мониторинг өткізу барысында көрсетілген бұзушылықтар фактілері жөнінде мәселелер  мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып отырады.

Дата публикации
06 сентября 2021
Дата обновления
06 сентября 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы