Меню

Страницы

Статья

«ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОҒАН МҮШЕЛЛІККЕ КІРЕТІН ТҰЛҒАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР»

Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады.

       Заң консультанттары палатасының қызметі  "Өзін-өзі реттеу туралы"  Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаларымен және стандарттарымен  реттеледі.

         Заң консультанты  "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы"  Қазақстан Республикасы  Заңының  88-бабына сәйкес заң консультанттары палатасына мүшелік жарна төлеуден босатылған жағдайда, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына жарнаның мөлшері есептелмейді. Заң консультанты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде жарна төлеген кезде, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері белгіленген жарнаның елу пайызы мөлшерінде есептеледі.     

         Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері:  Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан  Республикасының Заңында айқындалады.   Заң консультанттары палатасы тоқсан сайын уәкілетті органға заң консультанттары палатасына мүшелерді енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы ақпарат беруге міндетті.  Заң консультанттары палатасына мүшелік:    Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының  Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес,  жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде заң көмегін жүзеге асыратын адамдар үшін заң консультанттары палатасына мүшелік міндетті болып табылады.

          Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі:        Осы  Заңның 75-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, сондай-ақ  аттестаттаудан өткен жеке тұлға заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.  Заң консультанттары палатасы палата мүшелеріне қойылатын қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.  Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.       Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.       Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және заң консультанттары палатасы белгілеген кешенді тестілеудің шекті балын жинаған үміткер аттестаттаудан өткен болып есептеледі.       Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды.   Мыналар:  1) Қазақстан  Республикасының  Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;    2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;       3) Қазақстан Республикасының заң мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар;   4) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар адамдар;    5) теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады. 

       Үміткер заң  консультанттары палатасына кіру үшін:   жоғары заң білімі туралы құжатты;   жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтаманы;  заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттарды;  аттестаттау нәтижелерін ұсынады.  Заң консультанты бір мезгілде осы Заңның талаптарына сәйкес келетін бір ғана заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.    Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы адамның осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімді мұндай адамнан өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.    Өзіне қатысты осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылданған адам заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылданған болып есептеледі және осындай адам туралы мәліметтер мұндай адам заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі.      Осындай адамға ол туралы мәліметтер заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасына толық мүшелігін растайтын құжат беріледі.

      Адамды заң консультанттары палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тартуға мыналар:  адамның осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі;  адамды Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығару, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, негіз болып табылады.  Заң консультанттары палатасының заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту туралы шешіміне уәкілетті органға шағым жасалуы мүмкін.  Дау реттелмеген кезде, уәкілетті органның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.   Заң консультанттары палатасына мүшелікті заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы:  заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығу туралы заң консультантының өтініші негізінде;  жарғыда көзделген негіздер бойынша тоқтатады. . Адамның заң консультанттары палатасына мүшелігі көрсетілген палатаға оған қатысты шағым түскен жағдайда, егер заң консультанттары палатасының мүшесіне қатысты тексеру жүргізілсе немесе тәртіптік ықпал ету шарасын қолдану туралы іс қаралып жатса – тексеру аяқталғанға дейін, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік комиссия бұзушылық және тәртіптік жазалау шарасын қолдану туралы істі қарап біткенге дейін тоқтатылмайды. Заң консультанттары палатасы мүшесінің қайтыс болғанын растайтын ақпарат заң консультанттары палатасына келіп түскен жағдайда, заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы жазба енгізіледі.     Өзіне қатысты заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адам өз клиенттерін заң консультанттары палатасына өз мүшелігінің тоқтатылу фактісі туралы хабардар етуге міндетті.   Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы заң консультантының заң консультанттары палатасына мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей, заң консультанттары палатасы осындай шешімді заң консультанттары палатасының интернет-ресурсында орналастыруға, сондай-ақ осындай шешімнің көшірмесін:  өзіне қатысты заң консультанттары палатасында мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адамға; егер адамды заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығару оның Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегiн көрсету туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғанына байланысты болса, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген барлық өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға;  уәкілетті органға жіберуге міндетті.

 

Абдыкалыкова Л.

жетекші маман

Дата публикации
14 июля 2021
Дата обновления
14 июля 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы