Меню

Страницы

Статья

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында халықаралық шарттарды қолдану

 

 

 

         Қалалық және аудандық әкім аппараттарының АХАТ қызметтері мен бөлімдері азаматтық хал актілерін тіркеуге қатысты басқа мемлекеттерден сұратып алдыратын құжаттарды уақытылы және жедел жолдау, алынған құжаттарды беру сұрақтары бойынша, 22.01.1993 жылы Минск қаласында қол қойылған азаматық, отбасы және қылмыстық істердің құқықтық қарым-қатынасы және құқықтық көмек көрсету туралы Конвенцияның ережелерін басшылыққа ала отырып қызмет көрсетеді.

         Аталған Конвенция 12 мемлекет (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан, Грузия) арасында келісілген.

Сонымен қатар, жергілікті атқару органдарының АХАТ органдары 2002 жылы 7 қазанда Кишинев қаласында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері арасында қол қойылған Конвенцияны басшылыққа алады.

Монғолия мемлекетінен құжаттарды сұратып алдырғанда, жергілікті атқару органдарының АХАТ органдары Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасында Улан-Батор қаласында 1993 жылы 22 қазанда қол қойылып, 1994 жылы 18 тамызда күшіне енген Келісім – шартты басшылыққа ала отырып қызмет көрсетеді.

Конвенция шегінде азаматтық хал актілерін тіркеу құжаттары, соның ішінде азаматтық хал актілерінің қайталама куәліктері, акт жазбаларының көшірмелері, анықтамалар және т.б. жиі сұратып алынады.

 

 

Тіркеу қызметі саласындағы

    әдістемелік қамтамасыз ету және

    бақылау бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 августа 2021
Дата обновления
25 августа 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы