Заңды тұлғаларды мәжбүрлі түрде тарату көп жағдайда сот шешімімен жүзеге асырады. ҚР азаматтық кодекстің 49-бабының 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаны сот шешімі бойынша мәжбүрлеп тарату бірнеше жағдайларда жүргізіледі, банкротдеп сот шешімімен танылған борышкердің дәрменсіздігі, орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған кезде, қызметі заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатылады, заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті жүйелі түрде жүзеге асыру, қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асыру және басқа заңнамалық актілермен қарастырылған ҚР ЖШС туралы заң, ҚР Акционерлік қоғам туралы заңы және т.б.
Сот шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу сот шешімінің және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады. Банкроттықты мәжбүрлеу тәртібімен тану кредитордың, ал оңалту және банкроттық туралы заңда көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа берген өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бірақ банкроттықты тану ерікті түрде де мүмкін. Бұл жағдайда банкроттық рәсімі кәсіпорын жабуды жоспарлаған кезде, ал мүліктің құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру немесе салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін жеткіліксіз болған кезде кәсіпорынның (Борышкердің) өзінің сотқа берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Көп жағдайда салық органдарының бастамасы бойынша мәжбүрлеп таратуды жүргізеді. Салық органдары салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындау тұрғысынан үнемі мониторинг жүргізіп отырады және сенімсіз салық төлеушілердің тізімдерін үнемі қадағалауында ұстайды, оған жататындар, көп мөлшерде салықтық берешегі бар, жалған кәсіпорындар деп танылғандар, заңды мекенжайы бойынша жоқ, банкрот деп танылған, белсенді емес деп танылған.
Қарағанды облысы Әділет
департаментінің тіркеу қызметі саласындағы
әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі