Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады. Әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасқан жағдайда елде жүргізіліп жатқан реформаларға тың серпін беру, халқымыздың заман талабына сай өмір сүру үшін жағдай жасау қажеттілігі Жолдауда айтылды. Президент халықтың әлеуетін көтеру мақатында бірқатар жосапарлармен бөлісті. Олар: Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі; Жаңа кезеңдегі эконмикалық даму; Теңгерімді аумақтық даму; Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты басты басымдық; Қолжетімді әрі сапалы білім; Денсаулық сақтау жүйесін дамыту; Экология және қоршаған ортаны қорғау; Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында; Цифрландыру - барлық реформалардың негізгі элементі; Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу; Ұлттың жаңа болмысы. Азаматтардың сауаттылығын, олардың сандық білімін арттыру үшін үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды. Сондайақ азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты баспанаға байланысты болғандықтан нарықтық шартта олардың кірісін ескере отырып, тұрғын үйлерді қолжетімді ету және бұл мәселені өзбетінше шеше алу мүмкіндігі қарастырылу керек екендігі айтылды. Қазіргі негізгі міндеттердің бірі- халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, ұлт сапасын арттыру екенін ашып айтты. «Жауапты мемлекет -жауапты қоғам- жауапты адам» жүйесі берік орнығу керек екендігі көрсетілді.
Сөз соңында ҚР Президенті Қ. Тоқаев сындарлы уақытта ел алдында тұрған күрделі міндеттерді атқаруда еліміздің әр азаматына арқа сүйейтіндігін айтты.
Зияткерлік меншік
құқықтықтары бойынша
бөлімінің жетекші маманы Абикеев А.Е.