Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, мемлекеттің ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасынның Мемлекеттік рәміздері: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран. 4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді.

1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар - Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып қалады.

Мемлекеттік рәміздер - мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі. Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және т.б. қайраткерлер кірді. 

Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты. Эстетикалық сипатымен де, тарихи, саяси, экономикалық символизмге сәйкес келуі бойынша да үздік туынды ұсынған байқау жеңімпаздарын қазір халық мемлекеттік нышан авторлары ретінде таниды. 

Олар: Ту авторы - Шәкен Ниязбеков. Елтаңба авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Әнұран авторлары ретінде - әуенін жазған Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің есімі тарихта қалды. Үздік мәтінге жарияланған байқауда Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты. Кейін, яғни, 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Таңдау ел арасында кеңінен танымал Менің Қазақстаным әніне түскен еді. 1956 жылы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық тандемінен шыққан туындының бастапқы мәтінін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өңдеді.

2006 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Парламенті жаңа мемлекеттік гимнін бекітті. Біздің мемлекетіміздің рәміздері еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің даусыз дәлелі болып табылады, сол арқылы қазақстандық демократияның, жалпыадамзаттық құндылықтарға шоғырланудың және ұмтылудың белгілі мемлекеттік идеясын білдіреді. Әрбір азамат, егер өзін өз елінің патриоты санаса, өз елінің мемлекеттік рәміздерін білуге және құрметтеуге міндетті. Өйткені, олар мемлекеттің тарихын, өткен мен бүгіннің көрінісін азаматтардың патриотизмі мен халықаралық деңгейде танылуының көрінісі ретінде көрсетеді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан Республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеу - парыз.

        

Әкімшілік бөлімінің бас маманы                                             

А. Акишева

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы