Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік маңызы бар санаттағы атқарушылық іс жүргізудің маңызы

 

 

 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттар  - істердің әлеуметтік маңызы бар санатына жатады.

Заңның 144 бабына сәйкес, бір ай ішінде Заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты бойынша жеке сот орындаушылармен атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шаралары қабылданбаған жағдайда жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылуы мүмкін.

Атап айтсақ, әлеуметтік маңызы бар атқарушылық құжаттардың бірі – алимент өндіру болып табылады.

Қазіргі таңда, өкінішке орай, елімізде бауыр еті баласы үшін қалтасынан бір тиын да шығарғысы келмейтін безбүйрек әкелер жетерлік. Сот алимент өндіру туралы шешім шығарғанымен, оны орындайтындар аз. Жауапсыз әкелерден алимент алудың ең тиімді жолы – ай сайынғы жалақысынан тікелей ұстап қалу.

Алимент өндіру санатындағы проблемалық атқарушылық құжаттардың едәуір саны борышкерлердің өндіріп алуға болатын ресми табысы мен тіркелген мүлкінің болмауына  байланысты.

Сонымен қатар, елімізде заң бойынша алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Десе де, жауапсыз әкелерді темір тордың ар жағына тоғыту да істің оңтайлы шешілуіне кепіл емес болып отыр.

Аталған атқарушылық құжаттардың артында кәмелетке толмаған балалардың, еңбекке қауһарсыз азаматтардың, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қозғайтындығын ұмытпауымыз керек.

 

 

Қарағанды облысы әділет департамент

басшысының орынбасары

Р. Базылов

 

 

 

 

Дата публикации
31 мая 2021
Дата обновления
31 мая 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы