«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы»
Біз өмір сүріп жатқан қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәжіне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет болып табылады.
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Оларды қатаң сақтау біздің іске деген байыпты қатынасымызды, демек, жоғары кәсібилікті көрсетеді.
Әр мемлекеттік қызметші өз ұжымдарында гендерлік теңдікті бағалайды. Біз үшін айналадағы адамдарға қатысты келіспейтін, дөрекі, әдепсіз, кемсітушілік және ар-намысқа тіл тигізетін сөздер қабылданбайды. Әрбір әріптестің дағдыларын және қабілеттерін бағалау, оның ар-намысын құрметтеу және қоқан-лоқы арқылы міндеттерді орындауға мәжбүрлемеу қажет. Тату, үйлесімді, тәртіпке бағынатын ұжым өз ісін, жиі шиеленістер болатын ұжымға қарағанда, тез әрі жақсы орындайды.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің беделі мен имиджіне зиян келтіретін әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Біз мемлекеттік қызметшінің жағымды бейнесін қалыптастыруымыз керек.
Сонымен қатар, бізге сеніп жүктелген ресурстарды барынша ұтымды және тек қызметтік мақсатта тиімділік пен үнемділік қағидаттарына сәйкес пайдалану қажет. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта бізге рухани баю үшін мәдениет және демалыс мекемелеріне бару керек, қайырымдылық пен қоғамдық қызметке қатысу, мүмкіндігінше волонтерлық қызметпен айналысу және т.с. қажет.
Бұл ретте, бізге мас күйде қоғамдық орындарда болу, адамның ар-намысына тіл тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол бермеу керек. Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлығымызға жауапты екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтауымыз қажет.