Меню

Страницы

Статья

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Жаһандану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік процесс болып табылады. Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігін сақтап қалу мəселесі туындайды. Осы арқылы мемлекетіміз əлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл дегеніміз жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне бермеу керек, яғни Қазақстан тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз.

Тəуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті қалыптастыруымен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едəуір ықпал ете алады.

Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн. Қазірге дейін қазақ руханиятындағы елдік, ар-намыс, қайырымдылық, жауапкершілік, кішіпейілді болу, төзім, қанағат, мейірімділік сынды ізгі қасиеттер – ұлттық бірегейліктің негізгі тұтқасы. Алаш тұлғаларының ұстанымына айналған бұл құндылықтар арқылы қазақтың отбасында, қоғам өмірінде бірлік, түсінік, төзімділік, қайырымдылық сақталған. Адал еңбекпен күн кешуді мақсат ету – бірегейлікті сақтаудың алғышарты.

Ал ұлттық бірегейліктің негізгі белгілері: ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, діннің таза күйінде сақталуы, тарих, тарихқа құрмет, ұлттық өнер, туысқандық дәстүр, қоғамда, отбасында ұлттық құндылықтардың сақталуы, заман талабына сай икемділік, білімділік, ғылымның мемлекетке тигізер пайдасы бағалау және т.б

Атам қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген керемет мағыналы сөз бар. Бұл аталы сөз ұлтты ұйыстыруға ұлттық бірегейлікке, елдік пен ауызбіршілікке үндейді. Себебі, ұлттық бірегейліктің түп-тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау алады. Әрине, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата дәстүрді ұмытпаған абзал.

Ал ұлттық бірегейлік болмаса не болады? Ұлттық бірегейлік болмаса, тұлғалық бірегейлік болмайды. Тұлға болмаса, тарих та болмас еді. Яғни, ғасырлар бойы қалыптасатын мемлекеттің негізгі құндылықтары – дәл осы тұлғалық қасиет пен ұлттық құндылықтан тұрады.

 Кез келген қоғам ұзақ уақыт бойы жинақталған тәжіри­бені келесі ұрпаққа ізгі дәстүрінсіз жеткізе алмай­тынын есте сақтағанымыз абзал. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деп Елбасы кез келген қоғамдық, әлеуметтік үдеріске қазақы салт-санамен бейімделу қажеттілігін баса айтқан.

Дата публикации
19 мая 2021
Дата обновления
19 мая 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы