Меню

Страницы

Статья

Жеке сот орындаушылардың институтын дамыту туралы Мақала

Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бастап барлық саланы дамытуға, ілгері­ле­ту­ге күш салды. Алдымен экономиканы, халықтың әл-ауқатын жақсарту бірінші орында тұрған еді. Қазір Қазақстан – әлемдік аренада өзіндік орны бар, қалыптасқан мемлекет. Бүгінде еліміз дамыған мемлекеттер жолымен жүріп келеді. Осындай жолдардың бірі – мемлекеттік қызметтер көрсетуді оң­тай­лан­­дыру, оны басқа бағытқа сала отырып, дамыту. Қазақстан халықаралық тәжірибеге сүйеніп, мемлекеттің бірқатар функция­ла­рын жеке салаларға беруді жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта осындай салалардың бірі жеке сот орындаушылары институты болып отыр.

  Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Жеке­меншік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту» көзделген 27-қадамын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап соттар­дың және басқа да уәкілетті орган­дардың атқарушылық құжаттарының басым бөлігі жеке сот орындаушыларының орындауына берілуде.

  Жеке сот орындаушылары ешкімге тәуелді болмай, жеке табысы арқылы өзін-өзі қаржыландырады. Дегенмен де олардың құзыретіне, заңды пайдалануына келсек, мемлекеттік сот орындаушысымен тепе-тең. Мемлекеттік сот орындаушысы жала­қысын мемлекеттік бюджеттен алса, жеке сот орындаушылары өздерінің ат­қар­ған жұмыстарына байланысты қаржы­лан­ды­рылады. Жеке сот орындаушы қызме­ті­не ақы төлеуді борышкерден өн­ді­ріп алынған қаражат есебінен жүргі­зе­д­і. Яғни, қызметі үшін ақыны өндіріп алынған қаржының немесе мүлік құнының белгілі бір пайыз­ы­нан алады.

  Жеке сот орындаушылары институтына келер болсақ, олардың саны жылдан-жылға артып келеді. Жеке сот орындаушы­ларының мемлекет үшін бір жақсы жағы жоғарыда айтып кеткенімдей – мемлекет оларға бюджеттен ақша бөлмейді. Жеке сот орындаушыларының мемлекеттіктен айырмашылығы – оның жұмыс ақысының жүйесі өте ыңғайлы. Себебі, ол қарыз адамнан белгілі бір бөлшегін алатын­дық­тан, жұмысының жылдам орындалуын басты назарға алады. Яғни, атқарушылық құжатты неғұрлым тез аяқтауға асығады. Нәтижесінде, атқарушылық құжаттардың орындалу пайызы артады. Бұл азамат­тар­дың сенімін арттырып, жеке сот орын­дау­шы­ларының жұмысына қанағаттану тен­ден­циясын қалыптастырады. Біздің күтіп отырған нәтижеміз де осы. Мақсат – жеке сот орындаушылары арасында бәсеке­лес­тік­ті тудыра отырып, халыққа жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Бір жағынан соттар мен уәкілетті орган­дардың атқарушылық құжаттарының жылдам орындалуы да, олардың жұмыс көрсеткішін көтеруге әсерін тигізеді.  

 Елімізде мемлекеттік және жеке сот орын­даушысы қатар жұмыс жа­сап отырған­дықтан, мем­лекеттік сот орын­­­­дау­­­шы­сына берілген кейбір құқықтар жеке сот оры­н­дау­шыларына берілмеген. Мысалы, мемлекеттік сот орындаушысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға құқылы. Жеке сот орын­даушысына мұндай міндетті атқаруға тыйым салынған. Сот актілерін орындаудан бас тартатын борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде бұл жағдай қиындықтар туғызуда. Өйткені әрбір жеке сот орындаушысы әрбір атқарушылық құжаттың артында азаматтардың құқығы, мүддесі, тіпті тағдыры тұрғанын түсінеді деп білемін.

 Уақыт талабына сай келу үшін, жеке сот орындаушылар институты, кез келген маңызды даму процестері сияқты, үнемі дамытуды және тиімділігін арттыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқару­шы­лық іс жүргізу мәселелері бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу біраз мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жеке сот орындау­шы­­лардың қызметін құқықтық тұрғыда реттеу, олардың қызметінің өтемділігі мен уәждемесін көтеру, жеке сот орын­дау­шылар кеңсесін, тәртіптік тәжірибесін жетілдіру, сот шешімдері мен заң талап­тарын мәж­бүр­леп орындату жүйесінің қолже­тім­ді­лігі мен ашықтығын арттыру тәрізді бірқатар міндеттерді орындауға заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тигізер пайдасы мол болмақ.

 

Атқару өндірісін қамтамасыз ету

    бөлімінің бас маманы Е.Е.Ауесбаев

 

 

Дата публикации
05 мая 2021
Дата обновления
05 мая 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы