Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес, заң консультанты дегеніміз- жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға болып табылады. Заң консультанты заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алады. Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде елу заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады. Заң консультанттары палатасының қызметі "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі уралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаларымен және стандарттарымен реттеледі. Заң консультанттары палатасының мүшесі Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, палата жарғысының, қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарына сәйкес жауапты болады. Уәкілетті орган заң консультанттары палаталарының Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын орындауына заң көмегін көрсету саласындағы бақылауды жүзеге асырады. Қарағанды облысы
Әілет департаменті
Құқықтық түсіндіру және халыққа
заңгерлік көмек көрсету бөлімінің
бас маманы
М.Мұздыбаева