2021 жылы ақпан айынан бастап ҚР Әділет министрлігі «Е-Апостиль» қызметін көрсетудің пилоттық жобасын іске қосты. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және нотариустарымен берілген ресми құжаттарға апостиль қою процесін толық автоматизациялауға арналған арнайы мемлекеттік қызмет түрі. Аталған қызмет шегінде өтініштерді қабылдау, өңдеу және апостиль қоюды қалыптастыру электронды түрде жүзеге асырылады.
Азаматтар әлемнің кез-келген жерінен үйден шықпай-ақ аталған қызметті онлайн режимінде ала алады. Ол үшін электронды-цифрлық қол, апостиль қоюды қажет ететін сканерленген құжат және интернет қажет. Сонымен қатар электронды үкіметтің сайтында мемлекеттік бажды төлеуге, өтініш беріп және арнайы электронды апостиль орналасқан вэб-сайтқа сілтеме алуға болады.
А. Аукенова
Қарағанды облысы ӘД
жетекші маманы