Меню

Страницы

Статья

"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №307 бұйрығымен "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті  бекітілген.

Атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар болып табылады. Атқарушылық іс жүргізу бойынша міндеттер Қазақстан Респуликасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен реттеледі.

"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 211 бұйрығымен бекітілген "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес аумақтық әділет органдары (бұдан соң - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

     Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық сенімхат бойынша оның өкілі, өкілеттігін растайтын құжат бойынша - заңды тұлғаға) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі.

            1) Стандартқа сәйкес нысан бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш;

      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгіну негізіне қарай атқарушылық құжат:

  • судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса сот актісі негізінде берілетін атқарушылық парақ;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес берілген сот бұйрығы;
  • судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқарушылық парақтар;
  • судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілетін атқарушылық парақтар;

-   соттардың талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары;

-   атқарушылық жазба;

         3) жеке басын куәландыратын құжат.

Осы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған, порталға өтініш жасаған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні.

     Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын өтініштің оң жақ төменгі бұрышында тіркеу нөмірімен мөр қоя отырып, тіркеуді жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімінің басшысының қарауына береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды келіп түскен сәттен бастап 60 (алпыс) минут ішінде қарайды, оларды атқарушылық іс жүргізу органдарының Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне  (АІЖОААЖ) енгізеді және мемлекеттік сот орындаушысына АІЖОААЖ арқылы қарау үшін береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады және көрсетілітін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының көшірмесін немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін барлық келіп түскен құжаттарды қоса ұсынумен береді.

      Өтініш "электронды үкімет" веб - порталы арқылы ұсынылған жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы оның электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған іс жүргізуді қозғау туралы немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулыны қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 3 (үш сағат) атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының көшірмесін көрсетілген қызметті алушының электрондық поштасының мекенжайына, электрондық поштасы болмаған кезде, қызметті алушы көрсеткен мекенжай бойынша пошта байланысы арқылы жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы (не құжат бойынша өкіл екендігін растайтын оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы да өтініш және құжаттар тізбесін тапсыруға құқылы.

           

Қарқаралы ауданаралық сот актілерін

орындау жөніндегі аумақтық бөлім басшысы

 аға сот орындаушысы Армиева А.Я.

 

 

 

 

Дата публикации
12 марта 2021
Дата обновления
12 марта 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы