Меню

Страницы

Статья

Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ)

 

2019жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен кондоминиум объектісін құру және басқару нысаны өзгерген.

Қабылданған Заң аясы шегінде екі басқару нысаны көзделген:

  1. Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ)
  2. Қарапайым серіктестік (ҚС)

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін таңдауға міндетті.

Мүлік иелерінің бірлестігі (әрі қарай - МИБ) - бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару үшін, «бір үй – бір МИБ – бір есеп» қағидасы бойынша әрекет ететін заңды тұлға, мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін құрылған және заңды тұлға құқығын иеленген болып табылады.

МИБ тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңында көзделген тәртіпте әділет органдарымен жүзеге асырылады.

МИБ тіркеу үшін төмендегі құжаттар ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы әділет министрлігімен бекітілген нысандағы өтініш;

2) жиналыс хаттамасы;

3) мүлік иелері бірлестігінің жарғысы;

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу алымын төлегенін анықтайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Қарапайым серіктестік (ҚС) – заңды тұлға құрмай «бір үй – бір ҚС – бір есеп» қағидасы бойынша жұмыс жасайды. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізілмейді.

 

 

 

Дата публикации
11 марта 2021
Дата обновления
11 марта 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы