Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық диалогты дамытудың жаңа серпіні

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымы біздің ойымызша
халықтың барлық өтініш-тілектерін жедел түрде қарастыратын, еститін,
халықшыл мемлекет. Яғни халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың
ашықтығы, оңтайлылығын қарастыратын тұжырымдама деп түсінеміз.
Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
тұжырымдамасы –бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан
халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттарының бірі. Мемлекет
басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел
тарапынан қолдау тауып отыр. Мемлекет барынша халыққа жақын болуы
тиіс.
Жалпы айтқанда, бұл тұжырымдаманың және оған көшу жөніндегі
тәсілдердің негізгі бағыты мен мақсаты- халыққа жақын болу.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу
жөніндегі тәсілдер» - халықтың талап тілегіне тиімді, дұрыс және әділетті
жауап беру тәсілі болып табылу керек.
Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі тұрақтылығы
«Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің
негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын Қазақстан халқына жолдаған еді.
Осы орайда, Әділет органдарының да қосар үлестері мол. Халыққа
қолайлы жағдай туғызу, мемлекеттік аппараттың ашықтығын, айқындылығы
мен қамтамасыз ету мақсатында Қарағағды облысының Әділет
департаментінде «Adaldyq alany» жобалық кеңсесі жұмыс істейді. «Адалдық
алаңы» жобалық кеңсе аясында консультативтік көмек көрсету мақсатында
«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп
тұрақты түрде азаматтарға көмек көрсетілуде.
Сонымен қатар, Әділет департаментінің ресми сайты мен әлеуметтік
желідегі ресми парақшалары азаматтар үшін ашық жұмыс істеуде.
Қарағанды облысы
Әділет департаменінің
бас маманы
М.Муздыбаева

Дата публикации
04 марта 2021
Дата обновления
04 марта 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы